Оқиға

Батыс Қазақстандағы трагедия: көлікте отырған үш бала суға батып кетті

© Photo : Комитет по ЧС МВД Республики КазахстанСу
Су - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнына жеткен полицейлер бірден суға секірген, бірақ ол кезде балалар көз жұмған еді. Ең кішісі небәрі алты жаста болған

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында автокөлікте отырған үш бала Шаған өзеніне батып кетті. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.

Трагедия 3 қазан күні Бәйтерек ауданы Достық ауылының тұсында, Шаған өзенінде болды, деп жазады "Мой город" өңірлік басылымы.

Сағат 16.55-те "102" нөміріне бір әйел қоңырау шалған. Ол автокөлік суға батқанын, салонда үш бала болғанын айтты.

"Оқиға орнына полицейлер келді. Үш қызметкер балаларды құтқару үшін бірден суға секірді. Өкінішке қарай, оларды құтқару мүмкін болмады. 6, 7 және 9 жастағы балалар көз жұмды", - деп мәлімдеді полиция департаментінен.

© Photo : "Мой Город"Үш бала Шаған өзеніне батып кетті
Батыс Қазақстандағы трагедия: көлікте отырған үш бала суға батып кетті - Sputnik Қазақстан
Үш бала Шаған өзеніне батып кетті

Балалардың денесі судан шығарылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, бір апта бұрын ер адам өз автокөлігімен Жайық өзеніне батып кеткен еді.

Жаңалықтар
0