Өңірлер

Көкшетаулық танымал кәсіпкер Нұр-Сұлтанға барар жолда көз жұмды

© Photo : eto_kokshetau_detka/instagramДТП на трассе Нур-Султан- Петропавловск
ДТП на трассе Нур-Султан- Петропавловск - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автокөлікте бес адам болған, үшеуі апаттан қаза болды. Олар Көкшетау қаласынан елордаға қарай келе жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолында жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Олардың арасында көкшетаулық танымал кәсіпкер Владимир Свидерский болды, деп хабарлады Kokshetau.asia.

Свидерский жанармай құю бекеттері желісіне иелік еткен.

© Photo : eto_kokshetau_detka/instagramПетропавл – Нұр-Сұлтан тас жолындағы жол апаты
Көкшетаулық танымал кәсіпкер Нұр-Сұлтанға барар жолда көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолындағы жол апаты
Жол апаты Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 285-ші шақырымында болды. 1960 жылы туған Владимир Свидерскийдің Range Rover көлігімен бес адам Көкшетау қаласынан елордаға жол тартқан.

"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

716 порталының хабарлауынша, апат салдарынан Свидерский мен 55 жастағы жолаушы Олег Анисимов сол жерде қайтыс болған. Тағы бір жолаушы – 1963 жылы туған Валерий Бевзовой ауруханада жан тапсырды.

"Екі жолаушы түрлі жарақатпен Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

 

 

Жаңалықтар
0