Оқиға

Полиция Алматыдағы митинг туралы ақпарат жариялады

© Sputnik/ Ольга ТонконогМитинг у памятника Шокану Уалиханову стал первым после принятия поправок в законодательство
Митинг у памятника Шокану Уалиханову стал первым после принятия поправок в законодательство - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шараға қатысушылар наразылық акциясы кезінде заңнаманы сақтады. Митингіге жүзге жуық адам қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек — Sputnik. Алматыдағы митинг кезінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Жергілікті атқарушы орган рұқсат еткен митинг штаттық режимде өтті. Тәртіпбұзушылық болған жоқ. Шараға жүзге жуық адам қатысты", - деп жазылған хабарламада. 

Митинг кезінде Шевченко көшесінде (Пушкин және Қонаев көшелері аралығы) көлік қозғалысы тоқтады.

"Митингіге қатысушылар Қазақстан заңнамасын сақтады", - деді полицияда.

Еске сала кетсек, Алматыда карантин басталғалы алғаш рет рұқсат етілген митинг 13 қыркүйек күні өтті. Бейбіт жиынды өткізу мерзімі – 11.00-ден 14.00-ге дейін болды.

Белсенділер Шоқан Уәлиханов атындағы скверге жиналды. Олар кредиттік амнистия мен шетелдіктерге жерді жалға беруге тыйым салуды талап етті. Сондай-ақ, плакаттарда "саяси тұтқындарды босату туралы" талап та болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар митинг өткізу үшін не істеуі керек

Жаңалықтар
0