Оқиға

Ақмола облысында екі бала шөп тиелген трактордың астына түсті

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуТрактор, шөп
Трактор, шөп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалардың бірі оқиға орнында қаза болды, екіншісі елордадағы қалалық ауруханаға жеткізілген. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында екі бала трактордың астына түсті. Салдарынан 8 жасар ұл оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Трагедия 6 қыркүйек күні Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылында болды.

"Балалар ауыл ішімен келе жатқан шөп тиелген трактордың тіркемесіне шығып, құлап, доңғалақтың астына түсті. Салдарынан 8 жасар ұл оқиға орнында жантәсілім етті. Бес жасар қыз Нұр-Сұлтанның қалалық ауруханасына жеткізілді. Қайғылы оқиға кезінде жүргізуші сау болғаны анықталды", - деп мәлімдеді полиция департаментінен.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сараптама тағайындалды.

Полиция ауылдық елді мекендерде тұратын ата-аналардан егін ору науқаны кезінде балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Жаңалықтар
0