Оқиға

Алматыда 9 жасар бала із-түзсіз жоғалып кетті

© Photo : Arek SochaРебенок смотрит на свою тень, архивное фото
Ребенок смотрит на свою тень, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәмелет жасқа толмаған баланы іздестіру үшін арнайы жедел топ құрылды. Ол 1 қыркүйек күні түсте үйінен шыққан

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек — Sputnik. Алматылық полицейлер 9 жасар Месут Мырзақұловты іздеп жатыр. 1 қыркүйек күні түсте үйінен шыққан бала әлі оралмады. Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардан көмек сұрап отыр.

"Алматы полициясы 2011 жылы туған Месут Мырзақұловты іздеп жатыр. Ол 1 қыркүйек күні сағат 13.00-де Медеу ауданындағы үйінен шығып, оралмады", - деп хабарлады полиция.

Месут Мырзақұловтың бойы 125 сантиметр, арықша келген, шашы қара. 

Ұсақ жолақты жасыл-ақ түсті жейде, қанық көк түсті шорты және ақ бауы бар көк аяқкиіммен болған.

© Photo : polisia.kzМесут Мырзақұлов
Алматыда 9 жасар бала із-түзсіз жоғалып кетті - Sputnik Қазақстан
Месут Мырзақұлов

Месут Мырзақұлов жайлы ақпарат білетіндер 8 778 798 00 77, 8 701 739 53 94; 8 708 924 82 07 және 102 нөміріне хабарласа алады. 

Жаңалықтар
0