Оқиға

Шығыс Қазақстанда жылқы құтқару операциясы сәтті аяқталды

© Photo : Altaynews.kzСпасение лошади в Восточном Казахстане
Спасение лошади в Восточном Казахстане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті тұрғындар жылқыны өз күшімен шығаруға тырысқанымен, нәтиже болмаған. Көмекке құтқарушыларды шақырған

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысына қарасты ауыл тұрғыны орға құлап кептеліп қалған жылқысын шығаруға көмектескені үшін құтқарушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды AltayNews сайты.

Опытное ауылының маңында жайылымда жүрген үйір жылқының арасынан бір бие қазылған орға құлаған. Шұңқырдың ені тар болуымен қатар, жануардың төрт аяғы көктен келіп, өте жайсыз түскен екен.

© Photo : Altaynews.kzЖануардың төрт аяғы көктен келіп, өте жайсыз құлаған
Шығыс Қазақстанда жылқы құтқару операциясы сәтті аяқталды - Sputnik Қазақстан
Жануардың төрт аяғы көктен келіп, өте жайсыз құлаған

Жергілікті тұрғындар жылқыны өз күшімен шығаруға тырысқанымен, нәтиже болмады. Содан кейін оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің мамандарын шақырған.

"Мамандар алдымен жануардың алдыңғы аяқтарына арқан байлап, оны етпетінен аударып алып, жылқының аз-кем әлденіп алуына жағдай жасаған. Содан кейін адамдар шұңқырдың ернеуін кеңейткен", – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Түнімен жайсыз жатып, әбден әлсіреген жылқы шұңқырдан өздігінен шыға алмады. Құтқарушылар мен мал иелері жануарды азықтандырып, күш-қуат жинауына жағадай жасады.

© Photo : Altaynews.kzМамандар алдымен жануарды етпетінен аударып, аз-кем әлденіп алуына жағдай жасады
Шығыс Қазақстанда жылқы құтқару операциясы сәтті аяқталды - Sputnik Қазақстан
Мамандар алдымен жануарды етпетінен аударып, аз-кем әлденіп алуына жағдай жасады

Бір қызығы, жануарды шұңқырдан шығарғанға дейін маңайда торуылдап жүрген үйір жылқы қатарларына құтқарылған бие қосылғаннан кейін ғана өз жөндерімен кеткен.

© Photo : Altaynews.kzТөтенше жағдайлар қызметі мамандарының көмегімен жылқы құтқару операциясы сәтті аяқталды
Шығыс Қазақстанда жылқы құтқару операциясы сәтті аяқталды - Sputnik Қазақстан
Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының көмегімен жылқы құтқару операциясы сәтті аяқталды
Жаңалықтар
0