Оқиға

Алматыда экс-прокурор мен банктің белді қызметкерінің қылмысы ашылды

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жәбірленуші адвокатының айтуынша, сотта банкир мен экс-прокурордың құқығын бес бірдей адвокат қорғап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Алматыда "қыз зорлады" деп айыпталған экс-прокурор мен банктің белді қызметкері сот алдында жауап бере бастады. Оқиға былтыр қараша айында болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тергеу мәліметінше, ішімдікке сылқия тойған банкир экс-прокурор досымен бірге өзінің көңіл жарастырып жүрген қызын асқан қатыгездікпен зорлаған. Пәтерде негізі 5 жігіт болыпты. Дегенмен тек біреуі қамауға алынған. Ал экс-прокурор 84 миллион теңге тұратын зәулім үйін кепілдікке қойып, бостандықта жүр. Сот процесі қалталы күдіктілердің талабымен жабық есік жағдайында өтіп жатыр.

Жәбірленушінің айтуынша, 38 және 40 жастағы күдіктілердің көрсетпегені жоқ. Түні бойы топтасып зорлап, одан қалды, соққыға жыққан. Тек таң атып, екеуі ұйқыға кеткенде ғана қыз пәтерден қашып шыққан.          

"Шұлығымды мойныма байлап, "үніңді өшір" деді. Екеуі түні бойы тоқтаусыз зорлады. "Тоқтатыңдар" деп жалындым, жыладым. Сөзіме ешкім құлақ аспады. Ұрып-соғып, көрсетпегенді көрсетті. Шашым жұлынды, денемнің сау жері қалмады. Шаруам бітті, өлдім деп ойладым", – дейді жәбірленуші.

Оқиға Алматының ең элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Банктің белді қызметкері өзінің көңіл жарастырып жүрген қызын қонаққа шақырады. Пәтерде бұлардан басқа тағы бір жұп болған. Бірақ олар көп ұзамай үйіне қайтып кеткен. Соның артынша пәтерге үш жігіт кіріп келген.

"Жәбірленуші үйіне кетпек болғанда, экс-прокурор есікті құлыптап, қызға тиісе бастапты. Содан банкирдің де ойы бұзылып, екеуі қызды төсекке сүйреген", – дейді жәбірленушінің адвокаты.

Ал қалған үшеуі болса, әрі қарай ішімдік ішіп отыра берген көрінеді. Қыздың "құтқарыңдар" деген айқайын таңға дейін естіген үшеу қазір сотта куәгер.   

Жәбірленушінің адвокаты күдіктілер "арызыңды ал" деп, талай мәрте қызға қоқан-лоққы көрсеткенін айтады.

"Тіпті, оның үйіне түнде барып, туыстарын қорқытып, болмаған соң, ақша да ұсынды. Енді кәмелетке толмаған балаларының барын айтып, соттан жеңілдік сұрап отыр. Бірақ біз олардың жазаға тартылуын талап етеміз", – дейді Жанна Оразбақова.

Оқи отырыңыз: "Тальгода" әйелді зорлау оқиғасы: жолсеріктің әкесі жауапқа тартылды

Мәліметтерге қарағанда, істі боп жатқан экс-прокурор екі бірдей аудандық прокурордың көмекшісі қызметін атқарған. Мансабы өсіп, Алматы қалалық прокуратурасында да істепті. Тергеу басталғанда қамауға алынғанымен, көп ұзамай 84 миллион теңге тұратын коттеджін кепілдікке қойып, бостандыққа шығып кеткен. Қамауда тек банкир ғана. Ал сотта банкир мен экс-прокурордың құқығын бес бірдей адвокат қорғап жатыр. Кеше ғана басталған сот процесінде олар тергеуге көңілі толмайтынын айтып, істі қайта қарауды сұраған. Алайда сот өтініштерін кері қайтарыпты.

Жаңалықтар
0