Оқиға

Алматыда жүргізуші қазасына әкеліп соққан апат жайлы ақпарат шықты – видео

© Sputnik / Владислав ВодневПатрульный полицейский на дороге
Патрульный полицейский на дороге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Nissan Primera Әл-Фараби көшесінде патрульдік көлікке соқтығысты. Ол инерция бойынша шығыс бағытқа қарай жүріп бара жатқан Mercedes-ке соғылды

АЛМАТЫ, 27 тамыз — Sputnik. Алматыда отқа оранған машина полиция көлігіне соқтығысты. Өртенген көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, полиция қызметкері ауыр жарақат алды. 

Апат бейсенбі, күндіз Дулати және Әл-Фараби көшелерінің қиылысы маңында болған. 

"Бүгін сағат 15.05-те Дулати көшесімен солтүстік бағытта қозғалып бара жатқан Nissan Primera Әл-Фараби көшесінде патрульдік көлікке соқтығысты. Ол инерция бойынша шығыс бағытқа қарай жүріп бара жатқан Mercedes-ке соғылды. Полиция экипажының қызметкері ауыр жарақат алды. 7-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Патрульдік экипаж көлік көп жүретін қиылыста қауіпсіздік алаңында қозғалысты бақылап отырған.

Полиция патрульдік машина басқарусыз қалған көлік үшін кедергі болғанын айтты. Әйтпесе, апат салдары бұдан да қорқынышты болар еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Nissan көлігін оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі ғана сөндіре алды. Салонда жүргізушінің денесі табылды. Аты-жөні анықталып жатыр.

Апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Көліктің өртену себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталады.

Жаңалықтар
0