Оқиға

Алматы маңында SCAT ұшағына құс соғылды – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуПассажирский самолет казахстанской авиакомпании SCAT (СКАТ) в аэропорту, архивное фото
Пассажирский самолет казахстанской авиакомпании SCAT (СКАТ) в аэропорту, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшу кезінде қозғалтқыштың параметрлері өзгерген жоқ, қалыпты жағдайда жұмыс істеді. Жолаушылар ұшағы штаттық режимде қонды

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшқан жолаушылар ұшағына құс соғылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан SCAT компаниясына сілтеме жасап.

"DV 734 "Нұр-Сұлтан - Алматы" рейсінің экипажы ұшып келе жатқанда бөтен бір дыбыстың шыққанын естіген. Ұшу кезінде қозғалтқыштың параметрлері өзгерген жоқ, қалыпты жағдайда жұмыс істеді. Бекітілген нұсқауларға сәйкес, экипаж барлық ақпаратты Алматы әуежайының диспетчеріне баяндады" – дейді компания мамандары. 

Жолаушылар ұшағы штаттық режимде қонды. Әуежайда оны бірден тексеріп шықты. 

"Тексеріс кезінде құстың іздері анықталды. Ұшаққа зақым тиген жерлер жоқ. Қазіргі кезде әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптарына сәйкес, диагностикадан өтіп жатыр", - деді SCAT қызметкерлері.

Тағы оқыңыз: Ұшқыштың жаназасына келген Bek Air басшысы оғаш қылық танытты

Жаңалықтар
0