Оқиға

Қарағандыда түнгі клубта болған жағдай видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Ксения Воронина Ситуационный центр
 Ситуационный центр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин режимін бұзған жастар жедел штабтың мобильді тобымен бірге келіп, оқиғаны түсірген журналиске шабуылдаған

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген түнгі клубқа келушілер полицейлердің талабына бағынбай, журналистің бейнекамерасын зақымдады. Төрт жігіт ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталып, әкімшілік қамауға алынды.

Қазыбек би ауданында жүргізілген арнайы рейд кезінде мобильді топ өкілдері карантиндік тыйымды елемей, түнгі клубтың жұмыс істегенін анықтаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шараға мобильді топпен бірге "Сарыарқа" телерадио компаниясының қызметкерлері БАҚ өкілі ретінде қатысқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Life 09 (@life.09_)

"Аталған мекен-жайға мобильді топ келгенде 200-ге жуық адамның жиналғанын және олардың көпшілігінде медициналық бетперде болмағанын анықтады. Заңбұзушылардың бірі оператордың видеоға түсіру әрекетін жақтырмай, оның бейнекамерасына зақым келтірді",– делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Полицейлер 21 жастағы жігітті оқиға орнында ұстап, арнайы бөлімге жеткізді. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 667-бабы (құқық қорғау органы қызметкерінің талабына бағынбау) және 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Оқи отырыңыз: Карантин режимін бұзғандар үшін қандай жаза қарастырылған - министр жауабы

Аталған құқық бұзушылық негізінде Қарағанды ​​қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен жас жігіт ұсақ бұзақылық және полицияның заңды талаптарын бұзғаны үшін он тәулікке қамалды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткені үшін түнгі клубта болған тағы үш жігіт бес күнге әкімшілік қамауға алынды.

Жаңалықтар
0