04:07 04 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
262 0 0

Апат кезінде көлік астына сол үйдің тағы бір қызы түсуі мүмкін еді. Абырой болғанда, қыздардың кенжесі олардан сәл артта жүрген

АЛМАТЫ, 24 маусым – Sputnik. Елордада мас күйінде көлік айдаған жүргізуші апалы-сіңілілі бойжеткен мен олардың бір жарым жастағы інісін қағып кетті. Олардың тағы бір бауыры апат болардың алдында жүргізуші әйелдің рөлді ұстамай-ақ көлік жүргізе алатынын айтып мақтанғанын көрген.

Оқиға 19 және 20 жастағы Алина мен Ділназдың кішкентай бауырын арбаға отырғызып, жүріп бара жатқан кезде болды. Олар сол кеште серуеннен үйіне келе жатқан, деп хабарлады апаттың мән-жайы туралы "Еуразия" бірінші арнасы.

Қазір бір жарым жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екі қыздың біреуінің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр дәрежеде деп бағалады. Ал екінші қыз ауыр жарақат алған.

"Жабық бас сүйек-ми жарақаты мен омыртқаның кеуде бөлігінің жабық сынуы анықталды. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау бөлімінде жатыр. Алдағы уақытта жедел түрде емдеу қажет болуы мүмкін", - дейді дәрігерлер.

Апат кезінде көлік астына сол үйдің тағы бір қызы түсуі мүмкін еді. Абырой болғанда, қыздардың кенжесі олардан сәл артта жүрген. Ол оқиға кезінде қорыққанынан сөйлей алмай қалған. Бірақ апатқа дейінгі санаулы секунд оның есінде қалған.

"Мақтанып отырды, оның бір терезесі ашық тұрды. Рөлді қолмен ұстамай-ақ айдай аламын деп айтты", - дейді қыз.

Ал зардап шеккен балалардың нағашы апасы Гүлжамал Мұхамеджанова әйелдің рөлге мас күйінде отырғанын түсінбей әлек.

"Қағынған әйелді де көрдік. Неге сонша ішеді? Кішкентай Самирдің екі аяғы да сынған. Көптен күткен баламыз небәрі бір жарым жаста. Қатты соққыдан баланың арбасы жақын тұрған көлік астына кіріп зақымдалған. Екі көліктің ортасында қысылып қалмағанына шүкір", - дейді Мұхамеджанова.

Жүргізуші мас болған Нұр-Сұлтандағы жол апаты

22 маусым күні кешкі уақытта Mazda көлігін тізгіндеген әйел екі қыз бен бір жарым жастағы баланы қағып кетті.

Жүргізуші Қосшығұлұлы көшесінің бойында жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан адамдарды қаққан.

Қазігі кезде осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша іс тергеліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Ішімдік ішпеген, ереже бұзбаған адамдар да жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

1986 жылы туған күдікті Нұр-Сұлтан полиция департаментінің тергеу изоляторына қамалды.

Тақырып бойынша

Алматыдағы актриса көз жұмған жол апаты: жүргізуші мас болған
Қарағандыда мас күйінде ұсталған жүргізуші бес жылға сотталуы мүмкін
Мас жүргізуші тұрақта тұрған үш көлікті соғып, қарама-қарсы бетке шығып кеткен
Петропавлда мас жүргізуші полицейді қағып кетті
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Кілт сөздер:
жол апаты, мас әйел
Загрузка...

Басты тақырып