Оқиға

Петропавлда науқас аурухана терезесінен құлап көз жұмды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПациент
Пациент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайтыс болған зейнеткердің туыстары медицина қызметкерлері марқұмға немқұрайлы қарады деп күдіктенеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Петропавлда жүрегіне операция жасатқан 69 жастағы науқас кардиологиялық орталықтың бесінші қабатындағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қызылжар ауданының Боголюбов ауылының зейнеткері екі апта бұрын инфаркт алып, ауруханаға түскен. Бірнеше сағатқа созылған күрделі операциядан кейін ол реанимацияда жатып шықты. Ал палатаға ауыстырған күні науқас орап-таңу бөлмесінің терезесінен құлаған.

Кардиологиялық орталықтың бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Асхат Молжігітовтің айтуынша, науқас операциядан кейін психоз жағдайына түскен. Дегенмен, оның жағдайы тұрақты болып, медициналық қызметкерлер арасында күдік туғызатындай ештеңе байқалмаған.

"Оның жүрегіне өте күрделі операция жасалды. Жүрек қан тамырларын кеңейтіп, клапанды ауыстыру процесі қан айналымын жасанды жүргізу арқылы іске асырылды. Ал бұл гипоксиялық өзгерістерге алып келіп, психозды жағдайға ұласады. Сол күні біз әкімшілік тексеру жүргізіп шыққанымызда, пациенттің жағдайы тұрақты болып еді", - дейді Молжігітов.

Полиция дерегінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал қайтыс болған зейнеткердің туыстары аурухана қызметкерлері науқасқа немқұрайлы қарады деп күдіктенеді. Сондықтан да олар прокуратураға арыз жазуға ниетті.

Оқи отырыңыз: Қашамын деп көз жұмды: Тараз ауруханасындағы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша кінәлілерге үш жылға дейін бас бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Жаңалықтар
0