Оқиға

Алматыда ADK сауда орталығының шатыры өртеніп жатыр

© Sputnik / Стрингер В Алматы горит кровля торгового центра
 В Алматы горит кровля торгового центра - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өртті сөндіруге жеке құрамның 67 адамы мен 25 техника жұмылдырылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Алматыда ADK сауда орталығының шатырынан өрт шықты, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

"Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Бостандық ауданы, Сәтпаев көшесі, 90 мекенжайында жұмыс істеп жатыр – ADK ғимаратының шатырынан қалың қара түтін шықты, ашық жанып жатқан жоқ, адамдар эвакуациялануда", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

Өртті сөндіруге жеке құрамның 67 адамы мен 25 техника жұмылдырылды. Жұмысты жол бойындағы жеке көліктер қиындатқан, 109 құтқару қызметінің эвакуаторлары шақырылды.

© Sputnik / СтрингерАДК сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт
Алматыда ADK сауда орталығының шатыры өртеніп жатыр - Sputnik Қазақстан
АДК сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт

Сонымен қатар, "Алматы Тазалықтың" екі суарып жуатын машинасы және "Алматы судың" екі техникасы тартылды. Үздіксіз су берумен қамтамасыз етілді. Өрт сағат 19:36-да ауыздықталды.  

Жаңалықтар
0