10:20 03 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.49
  • EUR512.84
  • RUB5.63
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1171 0 0

Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда 6 жыл қызмет еткен. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеген болатын

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы блок бекеттегі жол апатында зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы туралы айтты.

Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ербұлан Сейдазым жарақат алғаннан кейін №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Науқас аралас жарақат алған, бас сүйек-мидың жабық жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, желкеге пластиналы эпидуральды қан құйылуы, желке сүйегінің сынуы, сол жақ бет қаңқасының сынуы, бастың, беттің, белдің жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозы қойылды", - деді Алматы денсаулық басқармасында.

Хирургтардың консилиумынан кейін зардап шеккен азаматқа бас сүйегінің резекциялы трепанациясы жасалды, сондай-ақ бас сүйегінің жіті гематомасын алып тастады.

"Жағдайы ауыр. Бүгін миына томография жүргізілді. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп атап өтті Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы.

Реанимация бөлімінде қарқынды терапия жалғасып жатыр.

Алматыдағы блок бекетте болған трагедия

25 мамырда Көксай шағын ауданындағы Жаңа ғасыр мен Қожабеков көшелерінің қиылысындағы №4 блок бекетте BMW автокөлігінің жүргізушісі алдымен блок бекет қоршауына, содан кейін екі полицей отырған патрульдік көлікке соқтығысқан.

42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал 26 жастағы екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Ережеге бағынбаған азаматтың ішімдік ішкені расталды. Ол Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір полиция қызметкері ауруханада ауыр халде жатыр.

Бұрын полицияда жұмыс істеген

Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда 6 жыл қызмет еткен. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді. Айтуынша, кінәлінің ішкі істер органдарында қызметінен босатылуына өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін төрт рет сөгіс алғаны себеп болған.

1994 жылы туған кінәлінің үстінен екі және одан да көп адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады).

Күдікті қамауға алынды.

Тақырып бойынша

Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Алматыда екі полицейдің өмірін қиған апаттың куәгері: жедел жәрдем кеш келді
Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды
Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды
Блок бекеттегі апат: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр
Кілт сөздер:
денсаулық, полицей, бекет, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып