Оқиға

Алматыда жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды

© AP Photo / Michael ProbstМужчина с телефоном в руках
Мужчина с телефоном в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Студентті іздеу жұмыстарының аяқталғанын волонтерлер хабарлады. Кейін мәліметті полиция департаменті растады

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. 19 жастағы Ілияс Егізбаевты іздеу жұмыстары 19 мамырда басталған болатын. Оның денесі Алматыдағы таулы аймақта табылды, деп хабарлады полиция департаменті.

Жігітті іздеу жұмыстарының аяқталғанын волонтерлер хабарлады. Кейін мәліметті полиция растады. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

19 жастағы Ілияс Егізбаевты іздеу жұмыстары 19 мамырда басталған болатын. Ол осы күні үйінен шығып, оралмады. Жігіт жақындарына серуендеуге баратынын айтқан.

Тағы оқыңыз: Маңғыстаудағы ауылда жаңа туған сәбидің денесі табылды

Ілияс Егізбаев Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолтаңбалы өнер колледжінің соңғы курсында оқыды. Бұған дейін үйінен кетпеген, жақындарымен де ұрыс-керіс болмаған.

Жаңалықтар
0