Оқиға

Шымкентте джип мінген ер адамның қылмысы видеоға түсіп қалды

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVАлматы көшелерінде полицейлер көліктерді тексеріп жүр
Алматы көшелерінде полицейлер көліктерді тексеріп жүр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Шымкентте джип жүргізушісі полицейді қағып кетті. Ер адам ұсталды, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға 18 сәуірде болған. Джип мінген ер адам Бәйдібек би мен Төлеметов көшелерінің қиылысында полиция қызметкерін қағып кетті.

Polisia.kz порталы оқиға орнынан видео жариялады.

Жол сақшысы орташа дәрежеде жарақат алды. Жүргізуші ұсталды.

Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-тармағы 9-тармақшасы бойынша (Төтенше жағдай жарияланған аймақта билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тағы оқыңыз: Алматыда жас полицей жедел жәрдем көлігінде көз жұмды

Күдікті жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айып тұрағына жөнелтілді.

Жаңалықтар
0