21:21 01 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
17129 0 0

48 жастағы әйелдің зорланғаны жайында жазылған арызы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында оның ешқандай зорлық көрмегені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан — Sputnik. Алматы облысының тұрғыны өзін туған інісі зорлағанын айтып, полицияға арыз жазды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың тамыз айында 41 жастағы інісімен болған жанжалдан кейін, әйел кек алу мақсатында өз інісіне жала жапқан. Оның арызына сәйкес, ер адамға іздеу жарияланды. Ол үйінен 120 шақырым жерде шопан болып жұмыс істеген. Ол жақта ұялы байланыс болмаған. Ер адам табылғаннан кейін өзінің әпкесінің арызы бойынша іздестірілгеніне таңғалды.

48 жастағы әйелдің зорланғаны жалған болып шықты. Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде қылмыстық кодекстің 419-бабы 2-бөлігіне сәйкес ("көрінеу жалған ақпарат жеткізу") тіркелген.

Тағы оқыңыз: Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады: азғынды баланың әкесі қолға түсірді

Тергеу барысында ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдеді. Көрінеу жалған ақпарат берген күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Енді сот бұл қылмысы үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруды қарастыратын жазаны анықтайды.

 

Тақырып бойынша

Жынысын ауыстырған жігітті түрмеде зорлады: адвокаты мән-жайды түсіндірді
Пойызда зорланған әйел басынан өткен сұмдықты жылап тұрып айтып берді - видео
Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды - видео
Бір кабинетте отыратын әріптесін зорлады деген күдікке ілінген дәрігер ақталып шықты
Ресейлік полицейлер қазақстандық қызды зорлады деп айыпталды
Кілт сөздер:
жалған ақпарат, зорлық-зомбылық, тұрғын, Алматы облысы
Загрузка...

Басты тақырып