Оқиға

Нұр-Сұлтандағы өрт салдарынан бір адам қаза болды

© Photo : ДЧС Нур-СултанаПожар в жилом доме по улице Куйши Дина
Пожар в жилом доме по улице Куйши Дина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндірушілер жиырма адамды отқа оранған ғимараттан алып шықты. Алайда бір адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Елордадағы бесқабатты үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер жиырма адамды құтқарды, оның тоғызы бала, деп хабарлады төтенше жағдайлар қалалық департаменті. 

"Сағат 14.14-те "101" пультіне Күйші Дина, 39/1 мекен-жайындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарланды. Өрт сөндірушілер 7 минуттан соң оқиға орнына жетті", - деді департаменттегілер. 

© Photo : ДЧС Нур-СултанаӨрт сөндірушілер жиырма адамды құтқарды
Нұр-Сұлтандағы өрт салдарынан бір адам қаза болды - Sputnik Қазақстан
Өрт сөндірушілер жиырма адамды құтқарды

Бір адам қаза болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, 12 адам зардап шеккен. Оның жартысы - бала. Бәрі ауруханаға жеткізілді. 

Мамандар жиырма адамды құтқарды. Олардың жартысына жуығы бала. Өкінішке қарай, пәтерлердің бірінде өрт сөндірушілер 1987 жылы туған әйелдің денесін тапты.

© Photo : ДЧС Нур-СултанаОқиға салдарынан зардап шеккен алты бала мен алты ересек адам ауруханаға жеткізілді
Нұр-Сұлтандағы өрт салдарынан бір адам қаза болды - Sputnik Қазақстан
Оқиға салдарынан зардап шеккен алты бала мен алты ересек адам ауруханаға жеткізілді

Өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы Sputnik Қазақстанға астаналық денсаулық сақтау басқармасындағылар айтты.

"Алты бала мен алты ересек адам ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары тұрақты, ем қабылдап жатыр", - деді ведомствода.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

 

Жаңалықтар
0