23:18 29 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Қордайдағы қақтығыс (70)
5759 0 0

Бүгінде екі аңшы мылтығы тәркіленді. Бұдан бөлек, бір травматикалық және бір пневматикалық тапанша бар

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Бүгін ішкі істер министрлігі Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бес полицейдің жарақат алғанын хабарлады. Олардың ішінде үшеуіне оқ тиген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчидидің айтуынша, оқ тиген үш полицей бытырадан жарақат алды. Төртіншісін тас тисе, бесіншісі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жеңіл жарақат алған.

"Оқ тиген полицейлердің жарақаты ауыр емес. Олар ауруханаға жатудан бас тартты. Біреуіне ота жасалды. Себебі бытыра көздің маңайына тиген. Қалған екеуінің де бытырасын шығарып алды", - деді Калайчиди журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде екі аңшы мылтығы тәркіленді. Бұдан бөлек, бір травматикалық және бір пневматикалық тапанша бар.

"Осы қаруды ұстаған адамдар ұсталды. Үш тәуліктің ішінде тиісті шешім шығарылады", - деп атап көрсетті Калайчиди.

Қордайдағы оқиға

7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне "Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр" деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан.

Соның салдарынан жақын жердегі Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарынан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылады. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған. Салдарынан 8 адам қаза болды. Кейін ауруханада тағы екі адам көз жұмды. Жүздеген адам жарақат алды. Қырғызстан жаққа өтіп, емделіп жатқандар да бар. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде үш полицейге оқ тиді.

Жаппай төбелестің арты тәртіпсіздіктерге ұласқан. Қазіргі мәліметке сәйкес, 30-дан астам жеке үй, 15 сауда үйі мен 23 көлік зақымданды. Кеше сағат 21:00-ден бастап Қордай ауданында төтенше жағдай енгізілді.
Кеше ұсталған адамдардың көбісін босатты. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Тоқаевтың мәлімдемесі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жағдайға байланысты тікелей эфирге шығып, мәлімдеме жасады. Ол төбелестің себебін анықтайтын үкімет комиссиясын құруды тапсырды.

Мемлекет басшысы қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастыру керек екенін айтты.

Сондай-ақ, комиссия жағдайды тұрақтандырумен айналысады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады.

"Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма бердім. Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді", - деп түйіндеді Тоқаев.

Тоқаев кінәлі адамдарды атады

Бүгін мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында тағы бір жазбаны жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты.

"Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!", -деп жазды президент.

Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс (70)

Тақырып бойынша

Дүнген баласы Тоқаевқа видео жіберді – президент не деп жауап берді?
Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
"Үшеуіне оқ тиді": министрлік Қордайдағы оқиға туралы нақты ақпарат берді
Қордай ақсақалдары Бердібек Сапарбаевқа не болғанын айтып берді
Загрузка...

Басты тақырып