04:54 01 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
673 0 0

Қылмыс барысы мен ұрылардың ұсталған сәті бейнебақылау камереларына түсіп қалған екен

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Екі ер адам жанар-жағармай құю станциясын тонамақ болып, шабуыл жасады. Тәртіп сақшылары оларды ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.

Жанар-жағармай бекетіне шабуыл тоғызыншы қаңтар күні шамамен сағат 6.00-де жасалған. Атырау облысы баспасөз қызметінің мәліметінше, С.Датов көшесінде орналасқан станцияға екі ер адам кірген. Олар бекет қызметкерлеріне күш көрсетіп, кассадан 268 мың теңгені ұрлап кеткен.

"Одан кейін оқиға орнынан қашып үлгерген. Дегенмен, полицейлер ізін суытпай қылмыстың бетін ашты. Ұсталғандар Жылыой ауданының 25 жастағы тұрғыны мен 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Олардан ақша мен басқа да заттай айғақтар табылды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Құқық қорғаушылар аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 192-бабы, 2-тармағы - "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тақырып бойынша

Қазақстанда бірнеше қылмыстың жазасы қатаңдатылды
Қостанайда екі жігіт кредитін жауып, жаңа жыл тойлау үшін қылмысқа барды
Алматыда ер адамның тұрғындарға пышақпен шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды
Достарымен демалып жүрген футболшыны акула жеп қойды
Иран өз кінәсін мойындады: Тоқаев желіде жазба қалдырды
Загрузка...

Басты тақырып