Оқиға

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртеніп жатыр - видео

© Photo : КЧС МВД Пассажирский автобус загорелся около аэропорта в Нур-Султане
Пассажирский автобус загорелся около аэропорта в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуежай аумағындағы жолаушылар автобусынан өрт шықты, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың аумағында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әуежай аумағында жолаушылар автобусы өртеніп жатқан видео әлеуметтік желіде тарады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Астана LRT-ның қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. 

"Қазір толық ақпаратты күтіп отырмыз. Бірақ 12 бағыттағы автобустың өртенгені белгілі. Халықаралық әуежайдың маңайында автобустың артқы жағы өртенген. Ең бастысы, зардап шеккендер жоқ", - деді Азанбаева.

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, жолаушылар автобусының қозғалтқышы таңғы сағат 09:09-да өртенді. Ол сағат 09:24-те ауыздықталған.

"Өрт сөндірушілер келгенше жолаушылар автобустан шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - дейді құтқарушылар.

Жаңалықтар
0