Оқиға

Ақтөбе облысында жоғалған оқушы өлі табылды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуЗимний лес
Зимний лес  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Іздестіру тобы Алға ауданы Қарақұдық ауылынан төрт шақырым жерден кәмелетке толмаған Анатолий Лебедевтің денесін тапты

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар — Sputnik. Ақтөбе облысында жоғалған 11 сынып оқушысы Анатолий Лебедев өлі күйінде табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Іздестіру тобы Алға ауданы Қарақұдық ауылынан төрт шақырым жерден кәмелетке толмаған Лебедев Анатолий Андреевичтің денесін тапты. Зорлықпен өлтіру белгілері анықталмаған. Алдын ала болжам бойынша, ол үсіп қалған. Тиісті сараптамалар бекітілді", - делінген ақпаратта.

Тағы оқыңыз: Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні бозбала жоғалып кетті

Еске салсақ, оқушы бірінші қаңтарда жоғалып кеткен. Полиция мәліметінше, ол сағат 04.30-да таныстарының үйінен шығып, оралмаған.

© Photo : пресс-служба департамента полиции Актюбинской областиАнатолий Лебедев
Ақтөбе облысында жоғалған оқушы өлі табылды - Sputnik Қазақстан
Анатолий Лебедев

Іздестіру жұмыстарына полиция, төтенше жағдайлар департаменті, ауыл әкімдігі қызметкерлері, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0