Оқиға

Путин мен Си Цзиньпин ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуРесей президенті Владимир Путин
Ресей президенті Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трагедия бүгін таңғы жетіде Алматы маңында болды, ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Алматы түбінде жолаушылар ұшағының құлауына байланысты қазақ халқына көңіл айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей басшысы Владимир Путин Алматыдағы ұшақ апатына байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Путин Ресей халқы жақындарынан айырылған жандардың қайғысына ортақтасатынын жеткізді, деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин де Қазақстан халқына көңіл айтты. 

Алматыдағы трагедия

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы түбінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ бортында 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Полиция әзірге 12 адамның қаза болғанын растады. Көз жұмғандар арасында Informburo.kz ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Дана Круглова бар.

Тағы оқыңыз: Алматы түбінде ұшақ апатынан қаза тапқандардың жаңа тізімі жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар, кінәлі тұлғалар қатаң жазаланатынын жеткізді.

Жаңалықтар
0