Оқиға

Алматы маңында құлаған ұшақтың ішінде басқа елдің азаматтары болған

© Photo : Международный аэропорт Алматы Фото с места происшествия
 Фото с места происшествия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Полиция 12 адамның қаза тапқанын ресми түрде растады

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан — Sputnik. Алматы маңында болған ұшақтың ішінде өзге елдің азаматтары да болған, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ұшақта екі Украина азаматы, бір қырғызстандық пен бір қытайлық азамат болған. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан ақпарат агентігіне ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

"Ұшақ бортында 5 экипаж мүшесі мен 93 жолаушы болды. Олардың қатарында шетел азаматтары да бар: екі Украина азаматы, бір Қырғызстан азаматы, бір Қытай азаматы", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұшақ апаты

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы түбінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

© Photo : Пресс-служба Международного аэропорта АлматыЖолаушылар ұшағы құлаған жер
Алматы маңында құлаған ұшақтың ішінде басқа елдің азаматтары болған - Sputnik Қазақстан
Жолаушылар ұшағы құлаған жер

Ұшақ бортында 93 жолаушы, соның ішінде төрт шетелдік азамат және 5 экипаж мүшесі болған.

Соңғы деректерге сүйенсек, қайғылы оқиғадан 12 адам қаза тапты. 50 адам ауруханаға жатқызылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтып, кінәлі тұлғалар қатаң жазаланатынын атап өтті.

Президент 28 желтоқсанды жалпыұттық аза тұту күні ретінде жариялады.

Жаңалықтар
0