Оқиға

Назарбаев апаттан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты

© Sputnik / Владислав ВодневНурсултан Назарбаев на заседании Astana Club
Нурсултан Назарбаев на заседании Astana Club - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы деректерге сүйенсек, ұшақ апатынан көз жұмғандардың саны 14 адамға жетті, отыздан аса адам зардап шеккен

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Назарбаев "Bek Air" әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

"Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін", - делінген жеделхатта.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын жеткізген еді.

Алматы түбіндегі апат

Бүгін таңғы жетіде Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Ұшақ Талғар ауданындағы елді мекенге құлаған. Лайнер "Бек Эйр" әуе компаниясына тиесілі.

Ұшақ бетон қоршауын бұзып, екі қабатты ғимаратқа соғылған. Шұғыл түрде құтқару жұмыстары басталды. Өрт болған жоқ.

Соңғы деректер бойынша қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, зардап шеккендер отыздан асқан.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар, медициналық қызметтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Үкімет басшысы басқаратын комиссия апат орнына ұшып шықты.

Апаттан кейін Fokker 100 типтегі ұшақтарды пайдалануға уақытша тыйым салынды.

Жаңалықтар
0