АЛМАТЫ, 5 желтоқсан – Sputnik. Алматыда ер адам көп қабатты "Нұрлы-Тау" бизнес орталығының терезесінен құлап, мерт болды. Оқиғаның мән-жайын және себебін қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Оқыс жағдай таңғы сағат он бір шамасында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам ғимараттың он екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен.
Тағы оқыңыз: Көшеде келе жатқан жігіт 5-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды – видео
"Қазіргі уақытта оқиға орнында Бостандық ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Марқұмның жеке басы анықталды, ер адам 1971 жылы туған", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.