Оқиға

Қызылорда облысында автобус аударылды: бірнеше адамның мәйіті табылды

© Photo : КЧСАвтобус перевернулся в Кызылординской области
Автобус перевернулся в Кызылординской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалған 28 жолаушы автобустан шығарылды, трагедия болған жерде апаттан құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Қызылорда облысында 35 адам мінген автобус аударылып, жеті адам көз жұмды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

3 желтоқсан күні Қызылордадан 85 километр жерде көктайғақтан жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Автобус жолдан шығып кетіп, төңкеріліп қалған. Оқиға таңғы сағат 05:25-те болған. 

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жүргізуші куәлігін алатындар үшін жаңа талап енгізіледі 

"Соңғы мәлімет бойынша, оқиға орнында алты адам қаза болды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырды, зардап шеккен 28 жолаушы автобустан шығарылды. Құтқарушылар апаттан құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр", - деп атап өтті Нұрахметов.

Жаңалықтар
0