Оқиға

Алматыда Porsche Panamera жүргізушісі жаппай жол апатына себепші болды – фото

© Photo : Pixabay / Alexas_Fotos Дорожная авария, иллюстративное фото
Дорожная авария, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Куәгерлер көлік жүргізушісі бір орында айналып көрмек болған. Сол кезде жанында тұрақта тұрған көліктерге соғылған

АЛМАТЫ, 26 қараша — Sputnik. Алматыда Сатпаев және Назарбаев көшелерінің қиылысында бес қымбат көлік соқтығысты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.

Porsche Panamera жүргізушісі Сатпаев көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатқан. Қиылысқа келген кезде рөлге ие бола алмай қарама-қарсы қозғалыс бағытына шығып кеткен.

© Sputnik / СтрингерPorsche Panamera жүргізушісі Сатпаев көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатқан
Алматыда Porsche Panamera жүргізушісі жаппай жол апатына себепші болды – фото - Sputnik Қазақстан
Porsche Panamera жүргізушісі Сатпаев көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатқан

Тұрақта тұрған төрт көлікке соғылды. Lexus-пен соқтығысқаннан кейін Porsche көлігі айналып кетті. Бұдан соң S кластағы Mercedes-ке, кейін тағы бір Mercedes көлігіне соғылған. Ал соңғысы Tesla-ға соғылды.

Тағы оқыңыз: Шымкент маңындағы жол апаты: оқиға орнында түсірілген видео жарияланды

Оқиға салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0