Оқиға

Сегіз кредит жапқан: қомақты қаржы ұрлаған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Ресейдің тәртіп сақшылары бірігіп, банктен қомақты қаражат ұрлаған 29 жастағы ер адамды қолға түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы банк филиалынан 87 миллион теңгені (225 мың 47 доллар) қолды еткен қызметкер Челябіде ұсталды, деп хабарлайды жергілікті alau.kz порталы.

Күдіктіні облыстық полиция департаментінің криминалдық полициясы мен Ресей Федерациясы ішкі істер министрлігінің Челябі облысы бойынша басқармасы бірігіп қолға түсіріпті.

29 жастағы банк қызметкері 2019 жылдың 12 қарашасында Жітіқара қаласындағы банк филиалынан 87 миллион теңгені (225 мың 47 доллар) ұрлап, Ресейге қашып кеткен.

Тағы оқыңыз: Татуласуға жол жоқ: ұрлық ауыр қылмыс санатына жатқызылады

Бүгінгі күні Қостанай облысының полиция департаменті Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот күдіктіні қамауға алу туралы санкция берді.

Құқық қорғаушылар 29 жастағы банк қызметкерінің 2019 жылдың 12 қарашасында Ресей шекарасынан өткенін анықтапты.

Қылмысты тергеу үшін арнайы жедел-іздестіру тобы құрылып, оны облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы, подполковник Мейрам Базарбаев басқарды. Ал істі облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов жеке бақылауына алыпты.

Челябі қаласы тәртіп сақшыларының көмегімен күдіктіні анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде, 29 жастағы банк қызметкерін Ресейге қазақстандық такси жүргізушісі жеткізгені анықталыпты.

Тағы оқыңыз: Галереядан шамамен 8 млн теңгенің картинасы ұрланды

Ресейлік полицейлер күдіктіні Челябідегі "Куб" дүкенінен және қаланың басқа бөлігінен іздеген екен.

Тергеу барысында Қазақстан азаматының ақшаның бір бөлігін ұстап жібергені белгілі болды. Ол өзінің және туыстарының сегіз кредитін интернет арқылы жауыпты.

Қазіргі таңда күдіктіні Қостанай облысына қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Бүгінде ол Челябі қаласындағы уақытша тергеу абақтысында отыр.

Қостанай облысы полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов істі тергеуге көмектескен ресейлік әріптестеріне алғыс айтты.

Жаңалықтар
0