Оқиға

Белгісіз біреулер Тәжікстан шекара бекетіне шабуылдады: 17 адам өлді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуВоеннослужащий во время учений "Центр-2019" на полигоне в Таджикистане
Военнослужащий во время учений Центр-2019 на полигоне в Таджикистане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарулы топты жою бойынша арнайы операция кезінде бір милиционер мен бір шекара қызметкері қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Сәрсенбіге қараған түні тәжік-өзбек шекарасында шекара бекетіне шабуыл жасаған он бес қарулы содыр оққа ұшты, тағы бесеуі ұсталды.   

Душанбе қаласынан 60 километр жерде орналасқан "Султанабад" жасағының №4"Ишкобод" шекара бекетіне белгісіз біреулер шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) шекара әскері басқармасына сілтеме жасап.

Тағы оқыңыз: Челах айтпай отыр – Арқанкергенде қаза тапқан сарбаздың анасы ұлының өлгеніне сенбейді

Барлық мүшесі бетперде киген бандалық топ бес автомат қаруын қолға түсірген. Дегенмен шабуылдаушыларды шекарашылар мен милиция қоршап алды.

"Қауіпсіздік күштері жүргізген операцияның нәтижесінде қоршауға алынған қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, бесеуі ұсталды", - деп хабарлады ҰҚМК баспасөз қызметі.

Атыс кезінде күш құрылымдарынан екі адам – ​​шекарашы мен полиция қызметкері қаза тапты.

Сол екі арада Өзбекстан шекара қызметі бұл шабуыл туралы білетіндерін айтып, тәжік әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істеп, жағдайды реттеп жатқандарын мәлімдеді.

Тәжікстанның Өзбекстанмен мемлекеттік шекарасының ұзындығы 1,33 мың километрден асады.   

Жаңалықтар
0