Оқиға

Нұр-Сұлтанда полиция "Хан Шатырды" қоршап алды   

© Sputnik / Болат ШайхиновХан Шатыр
Хан Шатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығының қызметкерлері эвакуацияланды, полиция айналаны қоршады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Сенбі күні таңертең "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығының жертөлесіндегі электр кабельдері өртенді, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

"Хан Шатыр" СОО сауда үйінің астыңғы қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама "101 пультіне" сағат 09.42-де түсті.

Тағы оқыңыз: Алматыда "барахолка" өртенді – видео

Шақырылған жерге келген өрт сөндірушілер техникалық бөлмедегі электр кабельдерінің өртенгенін анықтады, ол сағат 10:36-да толығымен сөндірілді.

Сауда орталығының әкімшілігі өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін қызметкерлер мен келушілерді эвакуациялауды ұйымдастырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Полиция қызметкерлері ойын-сауық кешенінің аумағын қоршауға алды.

Жаңалықтар
0