Оқиға

Алматыда ірі жол апаты болды – фото

© Sputnik / СтрингерИскореженное авто после ДТП
Искореженное авто после ДТП - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті. Екеуінің жағдайы ауыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

АЛМАТЫ, 9 қазан — Sputnik. Алматыда "Рахат" базарына қарама-қарсы жерде ірі жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus GS 300 пен Volkswagen Passat солтүстік айналма жолмен оңтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан.

© Sputnik / СтрингерЖол апаты салдарынан алты адам зардап шекті
Алматыда ірі жол апаты болды – фото - Sputnik Қазақстан
Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті

Lexus жүргізушісі рөлге ие бола алмай бетон қоршауға соғылды. Бұдан соң көлік бүйірімен жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Lexus солтүстік айналма жолмен солтүстікке қарай бет алған Volkswagen Polo көлігіне соқтығысады.

© Sputnik / СтрингерОқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеуде
Алматыда ірі жол апаты болды – фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеуде

Апат салдарынан алты адам зардап шекті: Passat жүргізушісі, Volkswagen Polo жолаушысы мен жүргізушісі және Lexus-тың екі жолаушысы мен жүргізушісі. Екі адамның жағдайы ауыр.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: депутат үкіметке сауал жолдады

Оқиға орнында жол полицейлері жұмыс істеуде. Жол апатының нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0