Оқиға

Павлодарлық ер адам 15 жастағы қызын қала шетіне апарып зорлап тастады

© Sputnik / Табылды КадырбековҚыз бетін жауып отыр, архивтегі сурет
Қыз бетін жауып отыр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицияның ақпаратынша, 35 жастағы күдікті бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін сегіз жыл түрмеде отырған

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында кәмелетке толмаған қызын зорлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаға ұстатарлық оқиға осы жылдың 27 қыркүйегінде түнгі 23.00 шамасында болды.

Полицияның ақпаратынша, Ақсу қаласының 35 жастағы тұрғыны қала шетінде 2004 жылғы қызына қатысты күш қолданып, жыныстық зорлық-зомбылық жасаған.

Кәмелетке толмаған қыз түрлі жарақатпен ауруханаға жүгінді. Сот-медициналық сараптама белгіленді.

Тағы оқыңыз: "Алла жазасын берсін": Елордалық ана әкесінің айуандық жасағанын айтты   

Күдікті ұсталды, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ер адам 2008 жылы осыған ұқсас қылмысы үшін істі болған. 8 жылдан астам уақыт түрмеде жазасын өтеген.

Жаңалықтар
0