Оқиға

Айқайлап, жылап жатыр: Хромтауда жас жігіт көлікпен адамдарды соқты – видео

© Photo : Pixabay / Michael Schwarzenberger Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото
Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде тарап жатқан видеодан көлік қаққан адамдардың айқайлап, жылап жатқанын естуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Ақтөбе облысы Хромтауда бір топ адамды көлік соғып кетті. Ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне өңірлік полиция департаменті растады.

"Мұндай оқиға болды, толық ақпаратты кейін хабарлаймыз", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне полиция департаментіндегілер.

Жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 14 қыркүйек, сенбі күні болған. Видеодан жеңіл көліктің бір топ адамға барып соғылғанын көруге болады. Рөлде жас жігіт отырған.

Видеода адамдардың айқайлап, жылап жатқаны естіледі, қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы белгісіз.

Жаңалықтар
0