Оқиға

Ақтөбе тұрғыны банктен кредит алып жатқанда көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи
Автомобиль скорой помощи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам банк менеджерімен сөйлесіп жатып есінен танып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе қаласының 72 жастағы тұрғыны банк ғимаратында есінен танып, қайтыс болды, ер адам қаржы институтына кредит алу үшін келген.

Зейнеткер өзінің туған бауырының көз алдында қайтыс болды, деп жазды "Диапазон" газеті.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк жаңа заң бойынша кімдерге кредит берілмейтінін мәлімдеді 

Ер адам кредит алмақ болып менеджермен сөйлесіп жатқан, бір кезде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалады. Зейнеткер қайта есін жиған жоқ, оқиға орнына келген дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдем 8 минуттан кейін барғанын хабарлады.

"Сол күні ол сергек және жақсы көңіл-күйде болды, бауырымен бірге банкке барды, шағын кредит алғысы келді. Басында не болып жатқанын ешкім түсінбеді. Владимир менеджерге қарама-қарсы отырды, ол жай ғана басын төмен салбыратты. Бауыры оған жүгіріп барып, есін жидыруға тырысты, бірақ одан ешқандай тіршілік нышаны байқалмады", - деп басылым марқұмның туысының сөзінен үзінді келтірген. 

Ол өмір бойы экология департаментінде жұмыс істеп, басшылық қызметтер атқарды. Трагедия 6 қыркүйекте болған.  

Жаңалықтар
0