08:49 21 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
144 0 0

Жарылыс салдарынан жергілікті тұрғын аяғынан жарақат алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Арыстағы жаңа төтенше оқиға – қоқысты өртеу кезінде белгісіз зат жарылып кетті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.

Оқиға салдарынан жергілікті тұрғын зардап шеккен – ол аяғынан жеңіл-желпі жарақат алды.

Жарылыс бейсенбі күні сағат 18.15-те болған.

"Үй ауласында қоқысты өртеу кезінде белгісіз зат жарылып кетіп, салдарынан үй иесі жеңіл-желпі жарақат алды. Оқиға орнында барлық жауапты орган жұмыс істеп жатыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң жәбірленуші үйіне қайтты", - деп жазды Қалқаманов Facebook желісінде.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Арыстағы жарылыстан кейін жауапты тұлғаларды қалай жазалады?

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала. Жарылыстан зардап шеккен бала санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілген болатын. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Кілт сөздер:
жарылыс
Загрузка...

Басты тақырып