Оқиға

Бір-біріне туыс болып шықты: Өзбекстанда Қазақстанның 3 азаматы көз жұмды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуРеанимация автокөлігі
Реанимация автокөлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан азаматтары мінген көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Қазақстанның үш азаматы, оның ішінде кәмелетке толмаған екі бала Өзбекстанда жол апатынан көз жұмды.   

Қазақстан ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, трагедия 3 тамыз күні Навои облысында болған.   

"Навои облысының Нұрата ауданында Нұрата-Жыззақ-Фариш тасжолының 136-шы километрінде "Нексия"көлігі қарсы жолға шығып кетіп, "Исузу"жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көлікте жеті адам болған, олардың екеуі кәмелетке толмаған бала" - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Оқиға орнында Қазақстанның үш азаматы (1952, 2013 және 2016 жылдары туған) қаза болды. 

Тағы оқыңыз: Шетелде жүрген шымкенттік жігіт тікелей эфирде көз жұмды

Тағы үш қазақстандық ауыр жарақат алып, Нұрата ауданындағы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Зардап шеккендер есін біледі, бірақ жағдайы ауыр.

СІМ баспасөз қызметі қазақстандық дипломаттар зардап шеккендерге және олардың туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетіп жатқанын атап өтті.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің барлығы туыс болып шықты, олар Қазақстанға Өзбекстаннан қоныс аударған. Осыған байланысты туыстары қайтыс болғандарды Өзбекстанда жерлеуге шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0