Оқиға

Ақтау маңындағы жантүршігерлік жол апаты: жүкті әйел көз жұмды - оқиға орнынан видео

© Photo : РixabayЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жантүршігерлік жол апаты Ақтау қаласына жақын маңда болған

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде — Sputnik. Маңғыстау облысындағы Ақтау-Құрық тас жолында көлік апатынан жүкті әйел қаза тапты.

"Лада" жергілікті басылымы жазғандай, жол апатынан екі бала мен бірнеше адам зардап шеккен. Көліктердің бірінде болған жүкті әйел оқиға орнында көз жұмыпты.

Нақты қанша адам зардап шеккені әзірге хабарланған жоқ. Жол апаты 24 шілдеде Ақтау-Құрық тас жолында болған.

Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстан полицейлері ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын қулыққа барды

Желіде оқиға орнында түсірілген фото және видео жарияланды. Кадрларға қарағанда, кем дегенде екі көліктің быт-шыты шыққан.

Жаңалықтар
0