Оқиға

Өмірзақ Шөкеев Арыстағы жарылыстан кейінгі ахуал туралы айтты

© Скрин видео YouTube/Видосы КазахстанАрыстағы жарылыс
Арыстағы жарылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыс әкімі қаладан халықтың түгел дерлік шығарылғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы жарылыстың салдарын жою бойынша қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біз сағат 09:20-да хабарды естігеннен кейін төтенше жағдай комитеті, қорғаныс мнистрлігі, облыс әкімідігімен бірігіп, шұғыл шаралар қолданып жатырмыз. Арыс қаласында 45 мың тұғын бар. Жарылыстың көлемі мен ауқымын көргененнен кейін түгел қаланы эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Құлақтандыру құралдары іске қосылды. Желдің бағытына байланысты халықты жинайтын үш нүкте бекітілді", - деді облыс әкімі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қала тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірілді.

"Қазіргі уақытта Арысты әр сағат сайын аралап, көшелерге арнайы көлік, колонна жіберіп, тұрғындарды шығарып жатырмыз. Көпшілігі қаладан шықты деп айтуға болады. Қаланың ішінде полиция мен әскерилермен бірігіп, патрульдеуге кірістік", - деп баяндады Шөкеев. 

Арыстағы жарылыс

Дүйсенбі, 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жойқын жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады. 

Арыс тұрғындары шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріле бастады. Қалада 43 мыңға жуық халық тұрады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау үшін шұғыл шараларды қолға алуды тапсырды. 

Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.

Соңғы мәліметтер бойынша бір адамның қаза тапқаны белгілі болды. Жарылыстан зардап шеккен 31 адам медициналық мекемеге жеткізілген.

Арыс қаласындағы жарылыстардан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар
0