Оқиға

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 40 адамнан асты  

© Sputnik / Болат ШайхиновЖедел жәрдем, архивтегі фото
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арыстағы төтенше жағдайдан кейін зардап шеккендердің саны 46 адамға жетті, олардың бесеуі – бала

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Шымкент денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне Арыс қаласындағы жарылыстан кейін медициналық көмекке жүгінген зардап шегушілер туралы хабарлады.

"Арыстағы төтенше оқиға кезінде зардап шеккен отыз төрт адам Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Әр түрлі жарақат алған тағы 12 адам Шымкент қаласының № 1 ауруханасына өздері келді, олардың арасында бес бала бар", - деп ақпарат берді ведомствоның баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер кішкентай науқастарды қарап шыққаннан кейін облыстық балалар ауруханасына жіберді. №1 қалалық ауруханасының жан сақтау бөлімінде бір адам жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні таңертең сағат 9.30 кезінде Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды.

Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.

Арыс қаласында 43 мыңға жуық халық тұрады. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. 

Жаңалықтар
0