Оқиға

Алматыда такси жүргізуші косметологты не үшін өлтіргені белгілі болды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТакси, архивтегі фото
Такси, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Косметологтың сөмкесіндегі ақшасы мен 40 грамдық алтын алқасына қаскөйлердің көзі түскен

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Алматы облысында үш апта бұрын жоғалған Батура Мамедованың денесі көрші ауданнан табылған болатын. Сұлулық салонының қызметкерін қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен азаматтық некеде тұрған ерлі-зайыпты ұсталды.

Батура Мамедова 27 мамыр күні кешкі сағат 8 жарымда жұмысынан шығып үйіне бет алғанын соңғы рет қызына ескерткен. Алайда күнделікті келетін уақытынан кешіккендіктен, уайымдай бастаған қос қызы бірден туыстарына хабар беріпті. Дереу арада Түркісіб ауданың полициясына арыз жазып, өздері де іздеуге кіріскен. Арада бірнеше күн өткеннен кейін іс облыстағы құзырлы орындардың қолына өтеді. Алайда, құзырлы орын өкілдері сенбі күні кешке Алматы маңынан мәйітті қазып алғандарын хабарлаған.

Тағы оқыңыз: Әріптестерін өлтірген инкассатордың танысы қамауға алынды

Туыстарының айтуынша, Батура Мамедова сол күні Ашыбұлаққа дейін жетіп, үйіне дейін күдіктілердің көлігіне мінген. Орта жолда косметологтың сөмкесіндегі қаражатты көрген ерлі-зайыптының арам пиғылы оянып, көліктің ішінде пышақтай бастаған, деп хабарлады КТК.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша Батура Мамедованы қаскөйлер соққының астына алып, кейін бауыздаған. Ал мәйітті Қарасай ауданында орналасқан Береке ауылының маңына көміп кетіпті. Алдын ала болжам бойынша қаскөйлер косметологтың 40 грамдық алтын алқасына көзі түсіп, қылмысқа барған.

"Екі күдікті де Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Тергеу барысында күдіктілер мәйітті көршілес Қарасай ауданына көмгені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Қоғамдық көліктің ең соңғысы бұл маңайға кешкі 8 жарымға дейін жүреді екен. Ал, қаладағы жұмысынан түнгі уақытта шыққандардың барлығы таксиге мінуге мәжбүр. Қайғылы жағдайдан кейін тұтас ауыл үрейде отыр. Ал осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанға арман қуып келген Батура Мамедованың мәйіті Баку қаласында жерленетін болды.

Жаңалықтар
0