Оқиға

Газ бен тежегішті шатастырған: Алматыда бойжеткен полицейді қағып кетті

© Sputnik / СтрингерБойжеткен реттеушіні қағып кетті
Бойжеткен реттеушіні қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рөлде отырған қыз реттеушінің талабымен тоқтаудың орнына газды басқан  

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым — Sputnik. Алматыда Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында жол полициясының қызметкерін көлік қағып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai Sonata автокөлігі Өтеген батыр көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан, осы кезде реттеуші көлік ағынын тоқтатпақ болады.     

© Sputnik / СтрингерБойжеткен реттеушіні қағып кетті
Газ бен тежегішті шатастырған: Алматыда бойжеткен полицейді қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Бойжеткен реттеушіні қағып кетті

Рөлде отырған қыз реттеушінің талабын орындаудың орнына газды басып, оны бар жылдамдықпен қағып кеткен.

Тағы оқыңыз: Алматыда жүргізуші әйел емшектегі сәбиі бар келіншекке қол көтерді 

Түрлі жарақат алған жол полициясының қызметкері жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.  

Жаңалықтар
0