Өңірлер

Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарылыстан 82 және 25 жастағы екі ер адамның денесі күйіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ақтөбе қаласындағы гараждардың бірінде газ жарылып, екі тұрғын ауруханаға түсті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 9 маусым күні сағат 12:42-де Тілеу батыр көшесіндегі жеке үйдің аумағында болған. Газ жарылған соң, қызыл жалын 10 шаршы метрге шарпыған.

"Өрт салдарынан 1937 және 1994 жылдары туған екі ер адамның денесі күйіп қалды. Олар ауруханаға жеткізілді", - делінген ТЖК таратқан хабарламада.

Өрт сағат 12:58-де сөндірілді.

Қызыл жалынды ауыздықтауға 18 өрт сөндіруші мен 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0