Оқиға

Италиядағы жол апаты: ауруханаға түскен екі қазақстандық елге жеткізілді

CC0 / Engin_Akyurt / Жансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір олардың жағдайы тұрақты, Алматыдағы № 7 қалалық клиникалық ауруханада жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанның санитарлық авиациясы Италияда жол апатынан зардап шеккен екі әйелді Алматыға жеткізді.

Пациенттерді тасымалдау Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы санитарлық авиациясының екі мобильді бригадасының сүйемелдеуімен жүзеге асты, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Италиядағы ірі жол апаты: тоғыз қазақстандық зардап шекті

31 мамыр күні сағат 00:50-де ұшақ Алматы қаласының әуежайына қонды. Осыдан кейін екі пациент № 7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

"Қазір олардың  жағдайы тұрақты деп бағалануда", - делінген хабарламада.

Италиядағы жол апаты

Осы жылдың 22 мамырында Италияда (Сиена провинциясы) туристер мінген автобус аударылды. Көліктің ішінде Қазақстан азаматтары да болған.

Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған екі қазақстандық шұғыл түрде Италияның медициналық ұйымдарына жатқызылды.

Санавиация қанша қазақстандықты елге жеткізді

2011 жылдан бастап 2019 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі аралықта Қазақстанның санитариялық авиациясы Таиланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай, Ресей және басқа да елдерден 59 отандасымызды елге жеткізді.

Италияда апатқа ұшыраған қазақстандықтардың екеуі ауруханада жатыр – СІМ  

Жақын және алыс шет елдерден медициналық тасымалдау республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Жаңалықтар
0