Өңірлер

Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхив
Архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен екі адам ауыр жарақат алды, көлік жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді

АЛМАТЫ, 31 мамыр — Sputnik.  Алматыда Момышұлы көшесінде жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетті.

Алматыда жол апатынан танымал актриса көз жұмды

Куәгерлердің айтуынша, Lexus GS 300 автокөлігі Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Осы кезде "Алматы Аренаға" жақын маңда жолдың рұқсат етілмеген жерінен жаяу жүргіншілер кесіп өтпек болған.

© Sputnik / СтрингерLexus жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Lexus жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жүргізуші тежегішті басқанмен, тоқтап үлгермеген. Автокөлік бар жылдамдықпен екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, салдарынан зардап шегушілер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

© Sputnik / Стрингер Зардап шегушілер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді
Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Зардап шегушілер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді

Сондай-ақ, түрлі жарақат алған жүргізуші де жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында апаттың мән-жайын анықтау үшін жол полициясының қызметкерлері, криминалистер, анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0