Оқиға

Бір жыл бұрын жоғалған сәбидің денесі Балқаш көлінен табылды

CC0 / Poperopop / Сәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицияның пайымдауынша, жоғалып кеткен екі жасар баланың денесі табылған

ҚАРАҒАНДЫ, 30 мамыр -  Sputnik. Жергілікті тұрғындар Балқаш көлінен баланың денесіне ұқсас затты көрді. Бір тәуліктен соң Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері судан сәбидің мәйітін алып шықты.

Жергілікті тұрғындар құтқарушыларға кеше хабарласыпты.

"Күні бойы сүңгуірлер жұмыс істеді, - деп төтенше жағдайлар департаменті мәлімет берді. – Бірақ қатты ағыстың кесірінен іздеу қиынға соқты. Балқаш жылу электр орталығына хабарласып, су ағысын бәсеңдеткен соң, құтқарушылар мәйітті тауып алды".

Сәбидің денесі ЖЭО коллекторының темір конструкцияларына қысылып қалыпты, ол жерге қоқыс пен бетон бөліктері толып қалған. Полицияның пайымдауынша, бұл бір жыл бұрын жоғалған екі жасар сәбидің денесі.

Еске сала кетсек, балақай Техснаб ауылындағы үйінде жүріп, ізім-ғайым жоғалып кеткен. Іздеуге жергілікті еріктілер, көршілер, полиция, әскерилер мен құтқарушылар жұмылдырылды. Үйдің маңынан баланың шұлғы табылған, оны ит әкелген болуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Бұл сол сәбидің денесі ме, жоқ па – ДНҚ сараптамасы анықтайды әрі баланың неден көз жұмғаны да белгілі болады.

Ал еріктілер өз парақшасында жоғалған екі жасар сәбидің қаза болғанын хабарлады. Бұл ауданда сол жастағы басқа балалар жоғалмапты.

Жаңалықтар
0