Оқиға

Шымкенттік жігіттер ойыншық тапаншамен кеңселерді тонаған

© Photo : pixabay.comОйыншық тапанша
Ойыншық тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екеуі де жасаған ісіне өкініп, мойындағандықтан жеңіл жазамен құтылды

ШЫМКЕНТ, 29 мамыр — Sputnik. Шымкент гарнизонының әскери соты екі жігіттің үстінен қозғалған қылмыстық істі қарады. Олардың бірі – 23 жастағы әскери қызметкер Айбек С., екіншісі – 1998 жылы туған уақытша жұмыссыз Ақан К.

Сотталушылар алдын ала сыбайласып тонаушылық жасаған.

"Қаруды" ойыншықтар дүкенінен сатып алған

Айбек келісімшарт бойынша Алматы облысындағы әскери бөлімшелердің бірінде кіші сержант ретінде қызмет етеді. Былтыр желтоқсан айында кезекті демалысын алып, Сарыағаш ауданындағы үйіне келгенде, тонаушылық жасайды. Ол үшін Шымкентке барып, ойыншықтар дүкенінен пластик оқ ататын Conher тапаншасын сатып алады, бір қарағанда ойыншық тапанша шын қарудан айнымайды екен.

Тағы оқыңыз: Алматылық әйел алты жыл қызмет еткен үй иесіне тонаушыларды айдап салды

"Қаруланып",  медициналық маска киген әскери алғашқы қарақшылық шабуылын шағын кәсіпорынға жасайды.

Алғашқы олжа

Оның көзі шағын несие беру ұйымына түседі. Айбек бірнеше күн қызметкерлерді аңдып, мекеменің жұмыс кестесін зерттеп, қылмысты бүге-шігесіне дейін ойластырады.

2018 жылдың он екінші желтоқсанында жұмыс күнінің аяқталғанын күтіп, шамамен сағат алты жарымда кеңсеге басып кіреді. Онда кассир әйел ғана болған. Тапанша кезенген Айбек сейф пен кассаны ашуды талап етеді. Зәресі ұшқан әйел қолма-қол ақшаны түгел бере салған – 226 мың теңге.

Ақшаны алған ер адам ізін суытады. Кейінірек "қанжығасы қалай майланғанын" көрші жолдасына айтып береді. Көршісі де қатты қызығып, оның әріптесі болуға ниет білдіріпті. Сөйтіп, келесі шабуылды екеуі бірге жасамақ болып уағдаласқан.

Сәтсіз шабуыл

Олар көпке созбай іске кірісті. Келесі тонаушылықты 16 желтоқсанға қараған күні жасапты. Екі достың назарына қала орталығындағы бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан ірі дәріхана түсті. Дәріхана тәулік бойы демалыссыз істейтін. Сыбайластар дәріханаға қарама-қарсы бильярд клубында кешке дейін ойнайды.Түн ортасынан асқанда ер адамдардың есеп айырысуға ақшасы болмай, олар жеке куәліктерін кепілге қалдырып, "бір сағаттан соң" ақша әкелуге уәде береді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда дүкен тонаған жігіттің әрекеті видеоға түсіп қалды

Түнгі екі жарымда медициналық маска киген тонаушылар дәріхананың есігін қақты. Шұғыл дәрі-дәрмек қажет деп, ішке кіргізуді өтінді. Есіктің ашылғаны сол еді, екі қарақшы ойыншық тапаншамен баса көктеп кіріп, дәріхана қызметкерін қорқытқан. Бірақ бұл жолы асыра сілтеп жіберіпті. Әйелдің қатты шу шығарғаны сонша – тонаушылардың өзі қорқып кетеді. Үй тұрғындары естіп қоя ма деп шошыған ұрылар тезірек қараларын батырған.

Ал дәріхана қызметкері бірден полиция шақырады. Бақылау камераларының көмегімен полицейлер тонаушылардың түр-сипатын анықтап, іздеріне түскен. Бейнежазба полицияны бильярд клубына алып келеді.

Өкініш пен жаза

Бильярд клубында полицейлер екі ойыншының құжаттарын тастап кеткенін біледі. Клубы қызметкері екеуінің де медициналық маска кигенін айтыпты.

Екі күннен соң полиция жігіттерді де ұстап, екеуі бар қылмысын мойындаған.

Тағы оқыңыз: Талдықорғанда оқушылар "ақылды" аялдаманы тонап кетті - видео

Әскери қызметші Айбек келтірілген шығынды өтеуге міндеттелді.

Сотталушылар өкініп, екі тарап бітімге келгенін ескерген сот жаза ретінде екі жігіттің бостандығын шектеді: Айбек – 3,5 жыл, сыбайласы – 2,5 жыл.

Жаңалықтар
0