Оқиға

Қарағандыдағы трагедия: батуттың иесі ұсталды

CC0 / lindsayascott / Архив
Архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамға үрлемелі аттракционды заңсыз орнатты деген айып тағылып жатыр  

ҚАРАҒАНДЫ, 26 мамыр – Sputnik. Трагедияға себеп болған үрлемелі батутты орнатқан 40 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау абақтысына жабылды. Бұл туралы ekaraganda.kz порталы хабарлады.

Ол баланың өліміне әкеп соқтырған демалыс нысанын заңсыз орнатқаны және қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін ұсталған.

Қарағандыда қатты желден батут аударылып, бір бала көз жұмды 

Қарағандының ​​Орталық саябағында кеше күшті жел үрлемелі батутты аударып жіберді. Салдарынан 11 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды, тағы екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Батутта зардап шеккен балалардың жағдайы туралы дәрігерлер айтты 

Орталық саябақтан дәрігерлер екі баланы жан сақтау бөліміне жеткізді. Олардың көптеген жері сынып, ішкі ағзалары зақымданғаны анықталды. Үшінші жәбірленушінің саусағы жырымдалған, ол медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "What's UP?" шоу 📺 31 арна (@whatsup_31)

Саябақтағы трагедия орнында бес жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмыс істеді. Олар екі баланы жан сақтау бөліміне жеткізді, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Әкім қаза болған баланың ата-анасымен кездесті

Қарағанды ​​қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров Орталық саябақта көз жұмған баланың отбасына барды. Ол баланың ата-анасына көңіл айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесуге уәде берді.

Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлімі (Адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет түрін ұсыну) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу Қарағанды ​​облысының полиция департаменті мен прокуратура басшылығының бақылауында болады, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ІІД баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0