Оқиға

Рөлде жасөспірім отырған: Алматыда 3 жасар баланы көлік қағып кетті - видео

© Sputnik / Стрингер3 жасар баланы көлік қақты
3 жасар баланы көлік қақты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауда

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Алматыда көлік тізгініне отырған жасөспірім 3 жасар баланы қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы Наурызбай ауданындағы Ақжар шағын ауданында болған. Молдағалиев көшесімен жүріп келе жатқан С-класты Mercedes жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған баланы көрмей, қағып кетеді.

Бала түрлі жарақат алған. Жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Тағы оқыңыз: Жантүршігерлік жол апатында жүргізуші ажал құшты - фото

Оқиға орнына келген жол полицейлері көлік тізгінінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім отырғанын анықтады.

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0