Өңірлер

Ауызашарға тамақ пісіріп жатқан: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды

CC0 / / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тағы алты адам зардап шекті, олардың төртеуі Шымкенттің күйік орталығында емделіп жатыр

ШЫМКЕНТ, 13 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының Ақсукент елді мекеніндегі дәмханада газ баллоны жарылды. Ер адам мен бала ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.  

Мүфтият оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді – видео 

9 мамыр күні кешке Шымкенттен 40 шақырым жердегі Ақсукент елді мекеніндегі дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, трагедия 60 жастағы дәмхана қожайыны бес жасар немересімен бірге ауызашарға тамақ пісіріп жатқан кезде болған. Екеуі де қатты күйіп қалып, шұғыл Сайрам ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Зардап шегушілердің денесінің 95 проценті күйіп қалған. Олар шұғыл жан сақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды.  

Оларға бірнеше күрделі ота жасалды, дегенмен өмірін құтқарып қала алмаған.   

"Дәрігерлер бар күшін салғанмен, зардап шегушілерді аман алып қала алмады. Ер адам мен бала көз жұмды", – деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы.

Жарылыс кезінде тағы алты адам зардап шекті. Екеуі жеңіл жарақат алған, оларға сол жерде көмек көрсетілді. Тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды, қазіргі таңда зардап шегушілер Шымкенттің күйік орталығына орналастырылыпты. Дәрігерлер денесінің 75 процентін күйік шалған әйелдің өмірі үшін күресіп жатыр. Орта дәрежеде күйік шалған қалған үшеуі ауруханада емделеді.

Полиция трагедияның мән-жайын анықтап жатыр.   

Жаңалықтар
0